
Британияның беделді The Guardian басылымы 2025 жыл үшін әлемдегі ең үздік 100 футболшының тізімін жариялады. Рейтинг журналистер, қазіргі жаттықтырушылар және кәсіби футболдың бұрынғы мамандарының дауыстары негізінде жасалған. Жылдың қорытындылары бойынша футбол әлеміндегі басты күштер тағы да іріктеліп шықты.
Басылым қорытындысына сәйкес, 2025 жылдың ең үздік футболшысы деп ПСЖ-ның шабуыл шебінде ойнайтын Усман Дембеле танылды. Франциялық шабуылшы жылдың тұрақты ойыны, шешуші сәттердегі әрекеттері және командасына қосқан үлкен үлесімен бақталастарынан озып шықты. Сарапшылар оның жылдамдығын, дреблингі мен ойын тағдырын шешу қабілетін ерекше атап өтті.
The Guardian жариялаған үздік-10 тізімі мынадай болып шықты:
10-орын — Педри («Барселона»),
9-орын — Мұхаммед Салах («Ливерпуль»),
8-орын — Рафинья («Барселона»),
7-орын — Ашраф Хакими («ПСЖ»),
6-орын — Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»),
5-орын — Харри Кейн («Бавария»),
4-орын — Килиан Мбаппе («Реал»),
3-орын — Витинья («ПСЖ»),
2-орын — Ламин Ямал («Барселона»),
1-орын — Усман Дембеле («ПСЖ»).
Рейтингте тағы бірқатар танымал жұлдыздар да орын алған. Мысалы, Коул Палмер 12-ші, Хвича Кварацхелия 14-ші, Деклан Райс 15-ші орыннан көрінген. Джуд Беллингем 18-ші, Винисиус Жуниор 22-ші, Лионель Месси 34-ші, Криштиану Роналду болса 51-ші орында тіркелген. «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Бруну Фернандеш 55-ші орынмен шектелді.
Айта кету керек, Усман Дембеле бұл жетістікпен тоқтап қалмаған. Ол бұған дейін «Алтын доп» және The Best марапаттарын да иеленіп, 2025 жылды өзінің спорттық мансабындағы ең жарқын маусымдардың біріне айналдырды. Дембеле үшін бұл жыл — нағыз жұлдызды кезең болды деп айтуға болады.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.