date

The Guardian болжамымен 2025 жылдың үздік футболшысы анықталды


Жыл соңында The Guardian басылымы журналистері әлемнің ең үздік 100 футболшысы рейтингін жариялайды. Жұма күні бұл тізімнің үздік ондығы белгілі болды.

Рейтингтің алғашқы орнын Усман Дембеле иеленді. Ол бұған дейін «Алтын допты» жеңіп алып, FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы марапатына да ие болған.

Екінші орынды Ламин Ямал алды. Ал үздік үштікті Витиния түйіндеді.

Kелесі орындарда Килиан Мбаппе, Гарри Кейн, Эрлинг Холанд, Ашраф Хакими, Рафинья, Мұхаммед Салах және Педри тіркелген. Бұған дейін бұл рейтингте Лионель Мессидің 34-орынды, ал Криштиану Роналдудың 51-орынды иеленгені хабарланған болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » The Guardian болжамымен 2025 жылдың үздік футболшысы анықталды