date

Криштиану Роналду саунадан кейінгі суретін бөлісті


Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында саунаға барғанын хабарлады. Португалиялық шабуылшы жаттығудан кейін түсірілген суретін де бөлісті.

Кадрдан байқағанымыздай, 40 жастағы, бес мәрте «Алтын доп» иегері әлі де керемет спорттық формада. Роналду жазда «Аль-Наср» клубымен келісімшартын 2027 жылдың ортасына дейін ұзартқан.

Transfermarkt порталының мамандары оны 12 миллион еуроға бағалауда. Алдағы жазда Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде.

Турнир АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Криштиану Роналду саунадан кейінгі суретін бөлісті