
Мадридтік "Атлетико" клубының шабуылшысы Антуан Гризманн басқа командалардың назарына түсті. Журналист Экрем Конурдың айтуынша, 34 жастағы футболшыны Сауд Арабиясының "Аль-Ахли" клубы, Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Вахда" командасы және АҚШ-тың "Шарлотт" клубы өз қатарына қосқысы келіп, барлығы да француз футболшыға нақты ұсыныс білдірген.
Дереккөзге сәйкес, жағдайды "Интер Майами", "Лион", "Ювентус" және "Галатасарай" командалары да бақылап отыр. Гризманнның "Атлетико" клубымен қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды.
Ағымдағы маусымда ол барлық турнирлерде "матрасшылар" қатарында 24 ойында алаңға шығып, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.