date

Лебеф Погбаның Франция құрамасына оралуына сенбейді


Франция ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Франк Лебёф Поль Погбаның ұлттық құрамаға қайта орала алатынына сенбейтінін айтты. "Дешамға Погба ұнайды.

Бірақ мен оның ең жоғары деңгейіне қайта алатына күмәнім бар, себебі осындай ұзақ үзілістен кейін бұл өте қиын. Жаттығу жасауға болады, бірақ ойын — мүлде басқа нәрсе.

Погба қазірдің өзінде 30 жастан асқан, тұрақты ойын үлгісін көрсетіп жүрген басқа футболшылар да бар. Дешамға: "Жарайды, мен Погбаны құрамға аламын", деп айту қиын болады.

Олай болса, неге Гризманды да шақырмасқа, оның үстіне Зиданды да қоссақ болады ғой! Бұл өте қиын.

Мен Погбаға 5 пайыз мүмкіндік беремін — тек құрмет ретінде", — деп Лебёфтің сөзін Goal хабарлады. Поль Погба соңғы рет Франция құрамасының сапында 2022 жылғы наурыз айында ойнаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лебеф Погбаның Франция құрамасына оралуына сенбейді