date

U-23 Азия кубогы: Жапония Сирияға 5 гол соқты, Катар БАӘ-ге есе жіберді

U-23 Азия кубогы: Жапония Сирияға 5 гол соқты, Катар БАӘ-ге есе жіберді

Сауд Арабиясында басталған U-23 Азия кубогында “B” тобының 1-тур ойындары жанкүйерлерге нағыз “ыстық” кеш сыйлады. Турнирдің қазіргі чемпионы саналатын Жапония бұл жолы да алаңда өз сөзін айтты: Сирия қақпасына жауапсыз 5 доп соғып, қарсыласын алғашқы турдың өзінде-ақ рухани тұрғыда “сындырды”.

Кездесуде есеп 10-минутта Одзэкидің голымен ашылды. Одан кейін жапондар ойынды толық бақылауға алды: екінші таймда Сато екі рет (66 және 75-минуттар) мергендік танытты, Исибаси 87-минутта айырманы ұлғайтты. Ал Митиваки пенальтиден (90+3) нүкте қойып, таблодағы 5:0 есебін “бекітті”.

Жапония — Сирия 5:0

Голдар: Одзэки (10), Сато (66, 75), Исибаси (87), Митиваки (90+3, пенальти).

Топтағы екінші ойында Катар үшін кеш өте ауыр өтті. Кездесудің 3-минутында-ақ Әл Хусейн пенальтиді соға алмады — дәл осы эпизод кейінгі оқиғаларға “спойлер” болды. Ал БАӘ өз мүмкіндіктерін дәл пайдаланды: 21-минутта Әл Мемори есеп ашты, 37-минутта Ндиайе екінші голды соғып, Катарды қиын жағдайға қалдырды — 0:2.

Катар — БАӘ 0:2

Голдар: Әл Мемори (21), Ндиайе (37).

Соғылмаған пенальти: Әл Хусейн (3, Катар).

Енді “B” тобындағы интрига одан әрі қыза түсті: екінші турда Жапония мен БАӘ өзара кездеседі — бұл матч топ көшбасшысын анықтауы мүмкін. Ал Катар Сирияға қарсы алаңға шығып, өзін “қайта тірілтуге” тырысады. Қысқасы, келесі турда пультті мықтап ұстаңыз — бұл топ әлі талай “сюрприз” дайындап қойған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » U-23 Азия кубогы: Жапония Сирияға 5 гол соқты, Катар БАӘ-ге есе жіберді