date

«Баварияда» ең жоғары жалақы Мусиалада

«Баварияда» ең жоғары жалақы Мусиалада

Мюнхеннің «Бавария» клубында ең көп жалақы алатын ойыншы кім екені белгілі болды. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Журналист Кристиан Фальктың мәліметінше, қазір команданың ең жоғары жалақы алатын футболшысы — шабуылдаушы жартылай қорғаушы Джамал Мусиала. Дереккөзге сүйенсек, бонустарды қоса есептегенде оның жылдық табысы шамамен 30 миллион еуроны құрайды. Тіпті команда жұлдызы Гарри Кейннің өзі одан аз жалақы алатыны атап өтіледі.

Ағымдағы маусымда 22 жастағы Мусиала Германия чемпионатында әзірге небәрі бір ойында алаңға шығып, бір нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушы қаңтарға дейін ауыр жарақаттан кейін қалпына келу кезеңінде болған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Баварияда» ең жоғары жалақы Мусиалада