date

Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аяқталуға жақын: алда небәрі бір тур қалды. Жеті ойын аптасынан кейін WhoScored статистикалық порталы жасаған рейтингте Мадридтің «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе бірінші орында тұр. Ол сұрмергендер жарысында да 11 голмен көш бастап келеді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды .

Орташа баға бойынша екінші орынға «Бавария» көшбасшысы Гарри Кейн жайғасқан, ал үздік үштікті оның командаласы Майкл Олисе түйіндеп тұр. «Атлетико» өкілі Хулиан Альварес төртінші, «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Доминик Собослаи бесінші орынға тіркелген.

6–10-орындар былай бөлінді: Виктор Осимхен («Галатасарай»), Ламин Ямаль («Барселона»), Йенс Хауге («Будё-Глимт»), Хвича Кварацхелия («ПСЖ») және «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа.

Шешуші, соңғы тур матчтары 28 қаңтар күні өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Чемпиондар лигасында Кейн екінші, Ямаль жетінші орында