date

Арбелоа Моуринью пікірлеріне құрметпен жауап берді

Арбелоа Моуринью пікірлеріне құрметпен жауап берді

Жозе Моуринью жуырда ірі клубтардың жүлдесіз бапкерлерге сенім артуына таңғалатынын айтқан еді. Португалиялық маманның осы пікірлеріне «Реалдың» бас бапкері болып тағайындалған Альваро Арбелоа да жауап берді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайды хабар береді.

Арбелоа жұма күнгі баспасөз мәслихатында Моуриньюдің өзі үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. «Барлығыңыз Моуриньюдің мен үшін нені білдіретінін білесіздер. Осындай тәжірибесі мен тарихы бар бапкер сөйлесе, мен әрдайым тыңдап, айтылғанды талдауға тырысамын», — деді ол.

Қазір «Реал» Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында, «Барселонадан» бір ұпайға қалып келеді. Арбелоаның командасы келесі ойынын 24 қаңтар күні сырт алаңда «Вильярреалға» қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арбелоа Моуринью пікірлеріне құрметпен жауап берді