date

Рафинья Ямалдың бір әдетін ашық сынады

Рафинья Ямалдың бір әдетін ашық сынады

"Барселона" командасының вингері Рафинья командаласы, жас шабуылшы Ламин Ямалдың өзіне тән кемшіліктерінің бірі туралы пікір білдірді.

Бразилиялық футболшының айтуынша, Ямал күнделікті өмірінде телефонмен көп уақыт өткізеді және дәл осы әдет оның кеш ұйықтауына себеп болып отыр.

- Оның жасын ескере отырып, телефонмен көп айналысуы заңдылық. Таңертеңгі жаттығуларға келгенде Ламин үнемі ұйқысы келетін күйде болады. Менің ойымша, ол өте кеш жатады. Бұл кешке серуендегеннен емес, дәл телефонның арқасы. Ол қыңыр жігіт емес, жай ғана үндемейді. Жаттығудың бірінші сағатында ешкіммен дерлік араласпайды, - деді Рафинья Sofascore басылымына берген сұхбатында.

Ақпарат үшін, "Барселона" командасы Испания чемпионаты аясында 7 февраль, сенбі күні өз алаңында "Мальорка" клубын қабылдайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рафинья Ямалдың бір әдетін ашық сынады