date

"Челси" 2 голдық басымдылықты сақтап қала алмады: "Лидске" тең ойын сыйға тартылды

"Челси" 2 голдық басымдылықты сақтап қала алмады: "Лидске" тең ойын сыйға тартылды

АПЛ аясындағы орталық матчтардың бірі - "Челси" - "Лидс" кездесуі 2:2 есебімен аяқталды. Лондондықтар ойынды өте сенімді бастап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, соңында жеңісті ұстап қалу мүмкін болмады. Жанкүйерлер үшін бұл кездесу "бітті" деген жерде қайта жанданған драмалық кешке айналды.

"Көктер" бірінші таймда қарсыласын қысымда ұстады. 24-минутта Жоао Педро есепті ашып, "Стэмфорд Бриджді" қуанышқа бөледі. Екінші таймда да "Челси" қарқынды бәсеңдетпеді: 58-минутта Коул Палмер өз стилінде шешуші соққы жасап, командасын 2:0 есебімен алға шығарды. Сол кезде көпшілік "бітті, ойын жабылды" деп ойлаған шығар.

Бірақ футболдағы ең қауіпті сәттер - сенім пайда болған сәттер болса керек.

"Лидс" берілмеді және қысқа уақыт ішінде жағдайды түбегейлі өзгертті. 67-минутта Лукас Нмеча дәл соққымен интриганы қайта жандандырды. Арада алты минут өтпей, 73-минутта Ноа Окафор да "өз сөзін" айтып, есепті теңестірді - 2:2. Бұл екі соққы "Челси" үшін суық душ, ал "Лидс" үшін құтқару сақинасы болды.

Кездесуден кейін "Челси" бапкері Лиам Россеньор команда ұпайларды өз қолымен жоғалтқанын жасырмады. Ол барлығы алты минут ішінде екі эпизодта шешілгенін айтты:

"Бәрін алты минуттың ішінде екі жағдай шешті. Біз жеңіске жетуіміз керек еді, бірақ дәл осы екі эпизодтың кесірінен екі ұпай жоғалттық. "Лидске" тең ойынды өзіміз сыйладық. Маңызды сәттерде қателік жіберсеңіз, футболда бәрі болуы мүмкін. Ойын барысында, сол қысқа аралықтан басқа, біз жақсырақ команда болдық. Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Кейбір жайттарды футболшылармен талқылаймын," - деп келтіреді бапкердің сөзін BBC.

Осылайша, 26-турдан кейін "Челси" 44 ұпаймен АПЛ турнир кестесінде 5-орында қалып отыр. Бірақ бұл тең ойын командаға бір шындықты тағы бір рет еске салды: 2:0 де әлі ештеңе емес - егер соңғы минуттарда зейін мен салқынқандылық жоғалса, қарсылас та "қайтпайды" деп ойлау үлкен қателік.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Челси" 2 голдық басымдылықты сақтап қала алмады: "Лидске" тең ойын сыйға тартылды