date

"Эвертонға" қарсы ойыннан кейін Майкл Керриктің сабақтары...

"Эвертонға" қарсы ойыннан кейін Майкл Керриктің сабақтары...

АПЛ-дің 27-турында "Эвертонға" қарсы ойыннан кейін "Манчестер Юнайтед" бас бапкері Майкл Кэррик кездесу туралы пікірлерімен бөлісті. Ол Премьер-лигада әр ұпай, әр жеңіс қаншалықты қиын болатынын ерекше атап өтіп, команданың дәл осы ортада "пісіп-жетіліп," тәжірибе жинап жатқанын айтты.

- Бұл Премьер-лига. Мұнда ойынды жеңу оңай емес, бірақ біз үйреніп жатырмыз. Жалпы, ойын біз үшін жақсы өтті, - деді Керрик.

Бапкердің пікірінше, команда ойынды бақылауға тырысты, бірақ негізгі мәселе шабуылдың шешуші бөлігінде - соңғы үштен бір аумақта көрінді. Яғни, допты алға шығару бар, жағдай жасауға ұмтылыс бар, бірақ соңғы соққыда "ұшқын" жетіспеді.

- Шабуылдың соңғы үштен бір бөлігінде шапшаңдық пен шығармашылық жетіспеді. Біз айып алаңында күштірек болуымыз керек еді, - деп қосты ол.

Дегенмен, Керрик ойын соңында жасалған қауіпті жағдайлар мен гол командаға сенімділік сыйлағанын атап өтті. Ол бұл жағдайды маңызды сигнал деп санайды: команда ең жоғары формада болмаған кезде де нәтижеге жетуге болады.

- Бұл бізге сенім мен күрес рухын береді. Демек, ең жақсы жағдайда болмасақ та, бәрібір табысқа жете аламыз, - деді ол.

Керрик шабуыл шебіне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, алдыңғы қатардағы ойыншылар әртүрлі күштерге ие және бірнеше рөлдерді атқара алады. Бұл "көп функциялылық" команданың маңызды артықшылықтарының бірі болып табылады.

- Шабуылдағы жігіттердің әрқайсысының әртүрлі күшті жақтары бар, олар әртүрлі рөлдерде ойнай алады - бұл біздің плюсымыз. Кейбір ойындарда олар өз позициясында емес, басқа жерде әрекет етеді. Егер олар өз міндеттерін дұрыс түсініп, жақсы орындаса, мен оған қарсы емеспін. Бұл бізге икемділік береді, - деп қорытындылады жаттықтырушы.

Қысқасы, Керриктің мессежі айқын: команда өсу жолында, нәтиже бар, бірақ шабуылда "өткірлік" қосылса, "Юнайтедтің" ойыны да, таблодағы сандар да жағымды көрінеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Эвертонға" қарсы ойыннан кейін Майкл Керриктің сабақтары...