date

"Реал" Аллегриді әкелу үшін үшінші рет әрекет етті

"Реал" Аллегриді әкелу үшін үшінші рет әрекет етті

Мадридтің "Реал" клубы бас бапкерлік мәселесінде кезекті үлкен қадамға дайындалып жатқан көрінеді. Хабарларға қарағанда, "корольдік клуб" қазір "Миланды" басқарып отырған италиялық танымал маман Массимилиано Аллегриді команда тізгініне алу мүмкіндігін байыпты қарастырып жатыр.

Италияның беделді "Corriere dello Sport" басылымының хабарлауынша, мадридтік команда осы жазда тәжірибелі жаттықтырушы үшін тағы бір талпыныс жасауы мүмкін. Мәселе мынада, "Реал" Аллегриді бұрын да жоғары бағалаған: 2019 және 2021 жылдары оны алуға өте жақын келген, бірақ жұмыс соңына дейін жетпеген.

Клуб президенті Флорентино Перес қазіргі жағдайда "сынақтан өткен," үлкен қысымда жұмыс істей алатын, жүлделі тәжірибесі бар бапкерге сүйенуді жөн көріп отырғаны айтылуда. Яғни "Реал" үшін бұл - кезекті эксперимент емес, дайын нәтиже бере алатын "ауыр салмақты" маманды табу мақсаты.

Бірақ Аллегриді Мадридке көшіру оңайға соқпайтыны анық. Маманның "Миланмен" қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың 30 июніне дейін есептелген. Дереккөздің айтуынша, тосканалық жаттықтырушы қазіргі жұмысына риза: ол "Милан" клубындағы қызметінен ләззат алуда, клубқа оралғанына қуанышты, қала да, орта да оған сәйкес келеді. Қысқасы, Аллегри Миланда өзін әлдеқайда еркін және жайлы сезінетіні айтылады.

Айта кетейік, Карло Анчелотти кеткеннен кейін "Реалды" уақытша Альваро Арбелоа басқарып отыр. Сондықтан клубтың жазда үлкен шешім қабылдау ықтималдығы жоғары - және Аллегридің кандидатурасы дәл осы сценарийде тағы да алдыңғы қатарға шығады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Реал" Аллегриді әкелу үшін үшінші рет әрекет етті