Роналду әсері «Альмерия» жазылушыларының санын арттырды

Испания футболының екінші дивизионының өкілі "Альмерия" клубы әлеуметтік желілерде бұрын-соңды болмаған нәтиже тіркеді. Команданың Instagram парақшасындағы жазылушылар саны 3 миллионнан асты және осы көрсеткішпен клуб Испанияның ең танымал 5 командасының тізіміне енді.
Клубтың мұндай жылдам танымал болуына португалиялық жұлдыз футболшы Криштиану Роналду себепкер болды. Ағымдағы жылдың ақпан айында "Әл-Наср" шабуылшысы "Альмерия" акцияларының 25 пайызын сатып алып, клуб иелерінің біріне айналған еді. Дәл осы оқиғадан кейін жанкүйерлер мен футбол сүйер қауымның командаға деген қызығушылығы күрт артты.
Қазіргі уақытта "Альмерия" әлеуметтік желілердегі 3,7 миллион жазылушысы бар "Севилья" клубын басып озу қарсаңында тұр. Испания футболында Instagram желісінде ең көп жазылушысы бар клубтар тізімін "Реал Мадрид" бастап тұр. Мадридтіктердің 181 миллион, "Барселонаның" 146 миллион және "Атлетиконың" 18 миллион жазылушысы бар.
