date

Иран телеарнасы футболшы қыздарды дарға асуды талап етті

Иран телеарнасы футболшы қыздарды дарға асуды талап етті

Азия кубогына қатысқан Иран әйелдер құрамасының мүшелері отанына оралар алдында үлкен қауіпке тап болды. Бұған футболшылардың жарыс кезінде өз еліндегі жағдайға қатысты білдірген наразылықтары себеп болды. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяға қарсы ойын алдында қыздар мемлекеттік әнұранды айтудан бас тартса, Австралиямен өткен кездесуде әскери сәлем беру арқылы өз наразылықтарын білдірген еді.

Иран мемлекеттік телеарнасы бұл әрекеттерді қатаң айыптап, футболшыларды "соғыс сатқындары" деп атады және оларға қатысты қатаң жаза қолдануды талап етуде. Жергілікті заңнамаға сәйкес, мұндай айыптаулар расталса, спортшы қыздар өлім жазасына кесілуі мүмкін, бұл халықаралық қауымдастықта, әсіресе FIFPRO ұйымында үлкен алаңдаушылық тудырды.

Топтық кезеңдегі барлық ойында жеңіліске ұшыраған Иран құрамасы турнирден мерзімінен бұрын шығып қалған еді. Қазіргі таңда футболшылардың қауіпсіздігі мен олардың болашақ тағдыры бүкіл әлемдік спорт қауымдастығының назарында. Адам құқығын қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар жағдайды жіті бақылауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Иран телеарнасы футболшы қыздарды дарға асуды талап етті