date

World Boxing Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан ресми түрде мойындалды

World Boxing Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан ресми түрде мойындалды

2025 жылдың февраль айында Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) тарапынан World Boxing ұйымы әлемдік деңгейде және уақытша халықаралық ұйым ретінде танылды. Бұл шешім бокс спортының жаһандық беделін одан әрі нығайтты.

Кейін ХОК World Boxing атынан 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына бокс жарыстарын ресми түрде енгізуді мақұлдады. Бұл қадам спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашты және бокстың халықаралық деңгейде дамуына қызмет етуде.

Бүгінгі таңда World Boxing мүшелері қатарына тағы 9 ел қосылды және мүше федерациялардың жалпы саны 168-ге жетті. Айта кетерлігі, бұл тізімге Ресей де кірді. Жаңа мүше мемлекеттер:

Мозамбик

2. Замбия

3. Тонга

4. Танзания

5. Ресей

6. Папуа Жаңа Гвинея

7. Ниуэ.

8. Кипр

9. Белоруссия

Осылайша, World Boxing халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, бокс спортының Олимпиадалық анықтамасындағы рөлі одан әрі кеңейді. Мүшелік тізімінің кеңеюі әртүрлі аймақтарда спортты дамыту және халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін күшейтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » World Boxing Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан ресми түрде мойындалды