date

«Интер» сенімді жеңіспен чемпиондыққа жақындауда

«Интер» сенімді жеңіспен чемпиондыққа жақындауда

Италия А сериясының 33-турында «Интер» өз алаңында «Кальяри» командасын қабылдап, сенімді әрі үстем ойын көрсетті. Милан қаласында өткен бұл кездесу үй командасының толық басымдығымен өтті және қорытындыда 3:0 есебімен ірі жеңіспен аяқталды.

Кездесудің бірінші таймында екі команда да сақтықпен әрекет етті, бірақ үзілістен кейін «Интер» шабуылдарын күйткенді арттырды. 52-минутта Маркус Тюрам есепті ашып, командасын алға сүйреді. Көп ұзамай, 56-минутта Николо Барелла басымдықты нығайтты.

Ал белісудің соңғы минуттарында ойынға жаңадан қосылған Пётр Зелински 90+2-минутта дәл соққымен есепті ірі көрсеткішке жеткізіп, ойынды аяқтады.

А сериясы, 33-тур

Интер – Кальяри 3:0

Голдар: Тюрам 52, Барелла 56, Зелински 90+2

Интер: Мартинес, Аканжи, де Врай, Карлос Аугусто, Дюмфрис, Барелла, Чалханоглу, Димарко (Луис Энрике, 76), Мхитарян (Зелински, 76), Тюрам (Бонни, 76), Эспозито.

Кальяри: Каприле, Палестра, Адопо, Гаэтано, Родригес, Сулемана, Мина, Боррелли (Менди, 57), Зе Педро, Оберт (Заппа, 76), С. Эспозито.

Бұл жеңіс арқылы «Интер» ұпай санын 78-ге жеткізіп, чемпиондық жарыста бұдан да берік позицияға ие болды. Команда әр турда өз мақсатына жақындауда. Ал «Кальяри» 33 ұпаймен турнир кестесінде 16-орында қалып, төменгі орындардан алшақтау үшін күресті жалғастырады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Интер» сенімді жеңіспен чемпиондыққа жақындауда