date

Диего Симеоне Англияға жол тартуы мүмкін, «Челси» қызығуда

Диего Симеоне Англияға жол тартуы мүмкін, «Челси» қызығуда...

Испанияның «Атлетико Мадрид» клубының бас бапкері Диего Симеоне болашақта Англия Премьер-лигасының жетекші командаларының бірінде мансабын жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы The Sun басылымы хабар таратуда.

Дереккөз мәліметтері бойынша, Лондонның «Челси» клубы аргентиналық маманды шақыру нұсқасын елеулі қарастыруда. «Аристократтар» басшылығы қазіргі бапкер Лиам Розенёрдің нәтижелеріне қанағаттанбағандықтан, жаңа нұсқаларды іздеуде.

Симеоне футбол әлемінде көп жылдардан бері өзінің стилімен және қатаң тактикасымен танылған бапкерлердің бірі болып саналады. Ол 2011 жылдан бері «Атлетико Мадрид» командасын басқарып келеді және клубты Еуропаның ең мықты командалары қатарына қосты.

Оның басшылығымен мадридтіктер бірнеше рет Ла Лигада жүлделер үшін күресіп, Еуропа аренасында да тұрақты нәтижелер көрсетті.

Ақпарат үшін, Симеоның «Атлетико»мен қолданыстағы еңбек келісімшарты 2027 жылдың маусым айының соңына дейін жалғасады. Осы себепті оның ықтимал трансфері әлі де күрделі мәселе болып қалуда.

Қысқасы, бұл нұсқа жүзеге асса, Премьер-лига тағы бір жоғары деңгейлі бапкермен толығады. Жаfанкүйерлер болса, Симеоның Англия футболында қандай із қалдыратынын үлкен қызығушылықпен бақылауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Диего Симеоне Англияға жол тартуы мүмкін, «Челси» қызығуда