Жас шахматшыларымыз әлем чемпионатынан жүлделермен оралды

Сербияның Врнячка-Банья қаласында 8-18 жас аралығындағыларға арналған рапид және блиц бағыттары бойынша өткен әлем чемпионатында бақ сынаған Өзбекстан жас шахмат құрамасы елге табысты оралды.
Ташкент халықаралық әуежайында оларды түн ортасында Өзбекстан шахмат федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Алишер Саъдуллаев, Спорт министрлігі, Ташкент қалалық әкімдігі және Жастар істері агенттігінің өкілдері, сондай-ақ жаттықтырушылар мен ата-аналар жылы лебізбен және салтанатты жағдайда қарсы алды.
Жарыс қорытындысы бойынша, жас спортшыларымыз жоғары нәтижелер көрсетіп, жалпы есепте 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медальға ие болды. Бұл нәтиже Өзбекстан шахмат мектебінің әлеуетінің жоғары деңгейде екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Бұл жетістіктер жас шахматшылардың еңбегі, жаттықтырушылардың дайындығы және жүйелі қолдаудың нәтижесі ретінде бағалануда.