date

ESPN рейтингі: ең көп көрермен тартатын командалар анықталды, көшбасшылар белгілі болды

ESPN рейтингі: ең көп көрермен тартатын командалар анықталды, көшбасшылар белгілі болды

Футбол жанкүйерлеріне қызықты талдау ұсынылды. ESPN телеарнасы сарапшылары құрастырған жаңа рейтингте әлем футболының ең көп көрермен тартатын, яғни ойынымен жанкүйерлерді баурап ала алатын командалары анықталды.

Бұл тізімде Мюнхеннің «Бавария» және Каталонияның «Барселона» клубтары ең жоғары бағаға лайық деп танылды. Екі команда да 9,6 ұпай жинап, рейтингтің бірінші сатысын өзара бөлісті. Олардың шабуылдағы стилі, жоғары қарқынды ойыны және көрермен тартатын әрекеттері сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Екінші орын 9,5 ұпаймен Мадридтің «Реал» командасына бұйырды. «Корольдік клуб» да нәтижелі және динамикалық ойынымен әрдайым жанкүйерлердің назарын аударып келеді.

Сондай-ақ, үздік ондықтан Франция және Германия клубтары да лайықты орын алды. Атап айтқанда, ПСЖ, «РБ Лейпциг» және «Ланс» командалары өздерінің жылдам және шабуылға бағытталған ойынымен ерекшеленді. Англия мен Италия грандтары — «Манчестер Юнайтед», «Монако», «Интер» және «Ювентус» те бұл беделді тізімге енді.

Айта кетейік, рейтинг арнайы талдау алгоритмі негізінде жасалған. Онда командалардың мықты қарсыластарға қарсы ойын тиімділігі, қорғаныстағы қысым мен шиеленіс, доп берулердің тік бағыты және жалпы ойын сапасы сияқты көрсеткіштер ескерілген.

Қысқасы, бұл рейтинг заманауи футболда қай командалар тек нәтижемен ғана емес, эстетика және көрермен тарту қабілеті бойынша да көшбасшы екенін айқын көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ESPN рейтингі: ең көп көрермен тартатын командалар анықталды, көшбасшылар белгілі болды