Карлтон Коул «Челсиден» кету себептерін ашып айтты

«Вест Хэм» мен Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Карлтон Коул «Beast Mode On» подкастының жаңа санына қатысты. Бұрынғы футболшы Адебайо Акинфенвамен сұхбат барысында «Челси» клубындағы мансабы мен Лондон командасынан кету себептерін ашып айтты.
Бұл туралы Goal.com хабарлайды.
Коулдың айтуынша, ол өз уақытында бапкер Жозе Моуриньоның қаһарына ұшыраған. Бұған футболшының түнгі клубтарға жиі баруы себеп болған.
Бапкер тәртіп мәселесінде өте қатал болғандықтан, бұл жағдай олардың қарым-қатынасына кері әсерін тигізген.
Сұхбат барысында бұрынғы шабуылшы танымал рэпер «50 Cent-пен» достығы туралы да тоқталып өтті. Коул музыканттан маңызды өмірлік кеңестер алғанын және бұл оның дүниетанымына әсер еткенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол «Бавария» шабуылшысы Харри Кейнге деген зор құрметі туралы сөз қозғады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!