date

«Бавария» Чемпиондар лигасының ойыны алдында «ПСЖ»-ны қонақүйсіз қалдырды

«Бавария» Чемпиондар лигасы ойыны алдында «ПСЖ»-ны қонақүйсіз қалдырды

«Бавария» мен «ПСЖ» арасындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта ойыны алдында қонақүйге қатысты келіспеушілік туындады. Париждықтар алдымен Мюнхен шетіндегі төрт жұлдызды «Infinity» қонақүйінде тоқтауды жоспарлаған еді.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Алайда, Германия чемпиондары бұл қонақүйді алдын ала брондап қойған. «Infinity» қонақүйі стадионнан небәрі 15 минуттық жерде орналасқан және «Бавария» үшін үй ойындары алдындағы сүйікті орын саналады.

Команданың бас бапкері Венсан Компани мен спорт директоры Кристоф Фройнд өздерінің әдеттегі орындарынан бас тартқысы келмеді. Компани баспасөз мәслихатында: «Бұл біздің қаламыз, біз Infinity қонақүйінде қаламыз», — деп атап өтті.

«ПСЖ» былтыр Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» жеңген кезде дәл осы қонақүйде тоқтаған болатын. Енді Франция чемпиондары «Andaz» дизайн-қонақүйіне орналасуға мәжбүр болды.

Париждықтар сейсенбі күні Мюнхенге жеткен соң, тікелей жаңа бес жұлдызды қонақүйге аттанады. Одан кейін стадионда баспасөз мәслихаты мен қорытынды жаттығу өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» Чемпиондар лигасының ойыны алдында «ПСЖ»-ны қонақүйсіз қалдырды