date

Жозе Моуринью Real Madrid-ге оралуда: клуб португалиялық бапкер үшін өтемақы төледі

Жозе Моуринью Real Madrid-ге оралуда: клуб португалиялық бапкер үшін өтемақы төледі

Жозе Моуринью көп жылдық үзілістен кейін Real Madrid басшылығына қайта оралу қарсаңында тұр. Мадридтіктер 13 жыл бұрын клубтан кеткен португалиялық маманды қайтару үшін Benfica-мен жасалған келісімшарттағы өтемақыны төлеп берді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Sky Sport Italia ақпаратына сәйкес, Испания гранды дүйсенбі күні Моуриньюдің лиссабондық клубпен келісімшартын бұзу үшін 3 миллион еуро көлемінде өтемақы төлеген. Бұл қадам Флорентино Перестің «Ерекше» (The Special One) деп аталатын бапкерді Мадридке қайтару жоспарындағы шешуші кезең болды.

Моуринью 2010-2013 жылдар аралығында Real Madrid-пен La Liga, Испания Кубогы және Испания Суперкубогын жеңіп алған еді. Бапкердің агенті Жорже Мендеш пен клуб басшылығы арасындағы келіссөздер соңғы күндері қарқынды жүрді.

Мәліметтерге қарағанда, тараптар екі жылдық келісімшарт бойынша ауызша келісімге келген. Перес ағымдағы маусымды жүлдесіз аяқтаған және чемпионатта Barcelona-дан қалып қойған командада жаңа дәуірді бастау үшін Моуриньюді басты үміткер деп санайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жозе Моуринью Real Madrid-ге оралуда: клуб португалиялық бапкер үшін өтемақы төледі