Әбдіқадыр Хусанов «Манчестер Сити» рекордына үлес қосты

«Манчестер Сити» 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын футболшылар саны бойынша клубтар арасында көш бастап тұр.
Англия клубынан әртүрлі ұлттық құрамаларға барлығы 19 футболшы шақырылды. Бұл көрсеткіш турнирге қатысушы клубтар арасында ең жоғары болып табылады.
Тізімде Англия, Норвегия, Гана, Мысыр, Бельгия, Франция, Хорватия, Португалия, Нидерланды, Испания, Алжир және Өзбекстан құрамаларының өкілдері бар.
Олардың арасында Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әбдіқадыр Хусанов та бар. Осылайша, ол да «Манчестер Ситидің» осы жетістігіне өз үлесін қосып отыр.
Клубтан Әлем чемпионатына шақырылған футболшылар:
— Нико О'Райли (Англия)
— Джон Стоунз (Англия)
— Марк Геи (Англия)
— Джеймс Траффорд (Англия)
— Эрлинг Холанд (Норвегия)
— Антуан Семеньо (Гана)
— Омар Мармуш (Мысыр)
— Жереми Доку (Бельгия)
— Райан Шерки (Франция)
— Матео Ковачич (Хорватия)
— Матеуш Нунеш (Португалия)
— Тейджани Рейндерс (Нидерланды)
— Родри (Испания)
— Бернарду Силва (Португалия)
— Натан Аке (Нидерланды)
— Райан Айт-Нури (Алжир)
— Әбдіқадыр Хусанов (Өзбекстан)
— Рубен Диаш (Португалия)
— Йошко Гвардиол (Хорватия).
















Пікірлер 0
…