date

Telegram мессенжерінде тағы жаңа функция енгізіледі

Telegram мессенжерінде тағы жаңа функция енгізіледі

Telegram’да тағы бір жаңа функция іске қосылады. Бұл туралы “Beta Info” хабарлады.

Хабарланғандай, осы жаңалық арқылы жеке жазысулардағы хабарламаларды көшіру мүмкіндігі шектеледі. Қазір тек арналарда хабарламаларды көшіруді бұғаттауға болатын еді. Жақын арада бұл мүмкіндік жеке хабарламаларда да жұмыс істей бастайды.

Осылайша, пайдаланушылар енді тек контактыларының хабарламаларды көшіріп алуын ғана емес, сонымен бірге жеке чаттардағы контентті сақтауды немесе оны басқа жаққа жіберуді де шектей алады.

Көшіруден қорғанысты қосу үшін контакт профиліне кіріп, “Контактіні өңдеу” – “Көшіруді бұғаттау” функциясын таңдау қажет.

Қазіргі сәтте бұл функция Telegram-дың iOS үшін бета нұсқасында — 12.5 (32413) релизінде бар. Алайда әзірге ол толық іске қосылмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Telegram мессенжерінде тағы жаңа функция енгізіледі