Ресейлік бизнес Telegram-ның орнына жергілікті мессенджерлерге ауысуда

Ресей бизнесі Telegram мессенджеріндегі мәселелер аясында балама нұсқаларды белсенді түрде іздестіруде. Әлеуметтік желілердің кәсіби пайдаланушылары қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылғы наурызда отандық корпоративтік мессенджерлерге деген сұраныс 5 есеге артқан.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Қазіргі уақытта Ресей компанияларының үштен бірі жұмыс хат-хабарлары үшін гибридті форматты қолдануда. Олардың тек 15 пайызы толық корпоративтік платформаларды енгізсе, бизнестің жартысынан астамы әлі де VPN және прокси-серверлер арқылы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Қарапайым пайдаланушылар негізінен шетелдік қосымшаларды, соның ішінде Түркияның «BiP», Кореяның «KakaoTalk», Қытайдың «WeChat» және Американың «IMO» сервистерін сынап көруде. Алайда кәсіпкерлер бұғаттау қаупі нөлге тең дерлік отандық шешімдерге көбірек көңіл бөлуде.
Сарапшылардың атап өтуінше, компаниялар жаңалықтар арналары мен боттары жоқ, тек жұмыс бабындағы қарым-қатынасқа арналған платформаларды жөн көреді. Балама нұсқалар ретінде «Yandex Messenjer» және «eXpress» көш бастап тұр, бірақ кейбір платформаларға хат-хабарлардың бақылану қаупіне байланысты әлі де толық сенім білдірілмей отыр.
Мәлімет үшін, 2026 жылғы наурызда Telegram-ның Ресейдегі мобильді трафигі 18 пайызға азайған. Мамандар қауіпсіздік пен тұрақтылық тұрғысынан корпоративтік клиенттердің басым бөлігі бәрібір отандық жүйелерге ауысатынын болжап отыр.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!