date

Ресей ғалымдары Апофис астероидын зерттеу жоспарын әзірледі

Ресей ғалымдары Апофис астероидын зерттеу жоспарын әзірледі

Ресейлік ғалымдар 2029 жылғы сәуірде Жерге жақын қашықтықтан ұшып өтетін Апофис астероидын зерттеу үшін «Спектр-РГ» ғарыштық обсерваториясын пайдалануды ұсынды. Самара университеті мен Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мамандары дайындаған жоба жаңа планетааралық аппарат жасамай-ақ, миссияны ең аз шығынмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Апофис астероиды 2029 жылы Жер бетінен шамамен 30 мың шақырым қашықтықта өтеді деп күтілуде. Ғалымдар модельдеген сценарий бойынша, отын шығыны тұрғысынан ең қолайлы нұсқа — «Спектр-РГ» құрылғысын 2028 жылғы 13 қыркүйекте ұшуға бағыттау.

Бірқатар маневрлерден кейін аппарат 2029 жылғы 13 сәуірде астероид орталығынан 18 мың шақырым қашықтықта ұшып өтуі мүмкін.

Жоба авторларының атап өтуінше, бұл тәсіл қолданыстағы техниканы тиімді пайдалануға қызмет етеді. Обсерватория өз міндетін орындап, мәліметтерді Жерге жібергеннен кейін, қажет болған жағдайда қайтадан негізгі жұмыс қызметіне орала алады.

Бұл арнайы жаңа аппарат ұшырудан әлдеқайда арзанға түседі. Сондай-ақ, ғалымдар астероидқа бірнеше жүз шақырымға дейін жақындау нұсқасын да есептеп шыққан, бірақ бұл траекторияға көбірек түзетулер енгізуді талап етеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Ресей ғалымдары Апофис астероидын зерттеу жоспарын әзірледі