Samsung жеті жылдан кейін табыс көлемі бойынша TSMC-ден озып кетті

«Samsung Electronics» компаниясының DS жартылай өткізгіштер бөлімшесі көп жылдар ішінде алғаш рет табыс және операциялық пайда бойынша «TSMC»-ден озып кетті. Жад чиптеріне деген сұраныс пен бағаның өсуі кореялық алпауыт компанияның қаржылық көрсеткіштерінің күрт артуына алып келді.
Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.
Нәтижесінде «Samsung» соңғы 29 тоқсан, яғни жеті жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет өзінің негізгі бәсекелесінен озып кетуге қол жеткізді. Бірінші тоқсанда компанияның жартылай өткізгіштер бөлімшесінің табысы «TSMC» көрсеткішінен 19,3 млрд АҚШ долларына көп болды.
Сондай-ақ, операциялық пайда да бәсекелесінікінен 15,4 млрд АҚШ долларына жоғары болғаны атап өтілді. Мәлімет ретінде айта кетейік, «TSMC» негізінен есептеу чиптерін шығарса, «Samsung» бірінші кезекте жад құрылғыларының әртүрлі түрлерін дайындауға маманданған.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!