date

АҚШ-та христиандар үшін порнографияны бұғаттайтын ұялы желі іске қосылды

АҚШ-та христиандар үшін порнографияны блоктайтын ұялы желі іске қосылды

АҚШ-та осы аптада христиандарға арналған жаңа ұлттық ұялы байланыс желісі іске қосылады. Желі порнографияны блоктайды және бұл АҚШ-тың ұялы байланыс нарығындағы желі деңгейіндегі осындай алғашқы шектеу болып табылады.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Ересектерге арналған аккаунт иелері де бұл бұғаттауды өшіре алмайды.

Сондай-ақ, жыныстық сипаттағы контентті, оның ішінде гендерлік және трансгендерлік материалдарды блоктайтын сүзгі енгізіледі. Бұл сүзгі ерікті болғанымен, барлық тарифтік жоспарларда әдепкі бойынша қосулы болады.

5 мамырда іске қосылуы күтілетін желіні Radiant Mobile виртуалды операторы басқарады. Компания T-Mobile сияқты ірі провайдерлерден өткізу қабілетін сатып алып, оны белгілі бір топтарға сатады.

Radiant Mobile негізін қалаушы Пол Фишердің айтуынша, компания порнография мен ЛГБТ тақырыптарынан ада орта құруды мақсат еткен. T-Mobile өкілі бұл жағдай компания ережелерін бұза ма, жоқ па, ол туралы түсініктеме бермеді.

Фишер бұл жобаны насихаттау үшін бірқатар христиан қайраткерлерін тартқан және бүкіл ел бойынша мыңдаған шіркеумен серіктестік орнатқан. Пайдаланушылар өздерінің 30 АҚШ доллары көлеміндегі ай сайынғы төлемінің бір бөлігін шіркеуге аудару мүмкіндігіне ие болады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » АҚШ-та христиандар үшін порнографияны бұғаттайтын ұялы желі іске қосылды