date

12 ядролы Core 9 ойындарда i9-14900K процессорынан озып кетті

12 ядролы Core 9 ойындарда i9-14900K процессорынан озып кетті

Intel Core 9 273PQE процессоры ойындарда Core i9-14900K моделінен 10 пайызға дейін жылдам жұмыс істеді. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Bartlett Lake-S отбасына жататын жаңа құрылғыны неміс шолушысы Zed Up сынақтан өткізді. Core 9 273PQE моделі 12 P-ядроға, 24 ағынға, 36 МБ кэш жадына және 5,9 ГГц-ке дейінгі жиілікке ие.

Процессор DDR5-5600 және ECC жадын қолдайды, ал қуат тұтынуы 125 Вт-ты құрайды. Raptor Lake желісінен айырмашылығы, мұнда тек жоғары өнімді P-ядролар қолданылады.

Bartlett Lake-S процессорлары ендірілген жүйелерге арналғанымен, олар қарапайым дербес компьютерлермен де үйлесімді. BIOS модификациясы арқылы оларды қарапайым CPU ретінде пайдалануға болады.

Сынақ авторының айтуынша, дәл осы үлкен ядролардың болуы Core 9 273PQE моделіне басымдық берген. Алты ойынның төртеуінде аталған процессор көш бастады.

«Rainbow Six Siege» ойынында кадрлар жиілігінде айырмашылық байқалмады. Ал «Counter-Strike 2» ойынында Core i9-14900K небәрі 1,5 пайыздық айырмашылықпен алға шықты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » 12 ядролы Core 9 ойындарда i9-14900K процессорынан озып кетті