date

Данияда жасанды интеллектке байланысты жаңа деректер орталықтарына шектеу қойылды

Данияда жасанды интеллектке байланысты жаңа деректер орталықтарына шектеу қойылды

Дания үкіметі жаңа деректер орталықтарын электр желілеріне қосу бойынша келісімшарттар жасасуды уақытша тоқтатты. Бұған инфрақұрылымның өткізу қабілетінен бірнеше есе асып түскен өтінімдердің бұрын-соңды болмаған өсімі себеп болды.

Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

"Energinet" мемлекеттік операторының деректеріне сәйкес, қазіргі таңда кезекте тұрған жобалардың жалпы қуаты шамамен 60 гигаваттты құрайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, бүкіл ел бойынша электр энергиясын тұтынудың ең жоғарғы көрсеткіші небәрі 7 гигаваттқа тең.

Тапсырылған барлық өтінімдердің төрттен бірі деректерді өңдеу орталықтарына тиесілі. Жасанды интеллекттің дамуына байланысты мұндай жоғары сұраныс үкіметті энергияны бөлу басымдықтарын қайта қарауға мәжбүр етті.

Мамандардың пікірінше, Дания сценарийі бүкіл Еуропа үшін үлгі болуы мүмкін. Үкіметтер жасанды интеллектке салынатын инвестициялардан түсетін экономикалық пайда мен энергетикалық қауіпсіздік арасында таңдау жасауға мәжбүр болуда.

Деректер орталықтарының қажеттіліктеріне байланысты энергия жүйелерінің шамадан тыс жүктелу мәселесі жаһандық сипат алуда. АҚШ-тың Мэн штаты жаңа орталықтар салуға толық тыйым салуға жақын қалса, Вирджиния мен Оклахомада мораторий мәселесі белсенді талқылануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Данияда жасанды интеллектке байланысты жаңа деректер орталықтарына шектеу қойылды