date

Автокөлік апаттарында әйелдер ерлерге қарағанда 1,6 есе жиі жарақат алады

Автокөлік апаттарында әйелдер ерлерге қарағанда 1,6 есе жиі жарақат алады

Грац техникалық университетінің (TU Graz) Жол қауіпсіздігі институтының зерттеушілері заманауи автокөліктердің қауіпсіздік деңгейі артқанына қарамастан, әйелдердің жол-көлік оқиғаларында ерлерге қарағанда ауыр жарақат алатынын анықтады. Австрияда 2012–2024 жылдар аралығында жүргізілген талдаулар бірдей жағдайдағы апаттарда әйелдердің жарақат алу қаупі ерлерге қарағанда орта есеппен 1,6 есе жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Зерттеу жетекшісі Корина Клуг әйелдердің кеуде қуысы, омыртқа жотасы, сондай-ақ қол мен аяқ аймақтарында жиі зақымданатынын атап өтті. Әсіресе 50 жастан асқан әйелдер үшін төмен жылдамдықтағы соқтығысулар да өте қауіпті, оларда ауыр жарақат алу немесе қайтыс болу ықтималдығы ерлерден екі есе жоғары.

Ғалымдар виртуалды биомеханикалық модельдердің көмегімен апат процестерін қалпына келтіріп, орындық орналасуының қауіпсіздікке қалай әсер ететінін зерттеді. Белгілі болғандай, заманауи қауіпсіздік белдіктері мен жастықшалары көбінесе жолаушылардың, әсіресе әйелдердің ерекше дене бітіміне және орындықтың стандартты емес күйіне бейімделмеген.

Мәселенің түп-тамыры автокөліктердің краш-тест тарихына барып тіреледі. Ондаған жылдар бойы қауіпсіздік стандарттары тек «орташа ер адам» көрсеткіштері негізінде әзірленген. Тіпті «әйелдерге» арналған манекендердің өзі шын мәнінде ерлер моделінің кішірейтілген көшірмесі болып табылады және олар әйелдердің анатомиялық ерекшеліктерін, мысалы, жамбас сүйегінің енін немесе иық геометриясын толық ескермейді.

Зерттеушілердің қорытындысы бойынша, әйелдер жай ғана «кішірейтілген ер адамдар» емес, сондықтан әмбебап модельдер қауіпсіздікті бағалауда қателіктерге жол беруде. Қазіргі уақытта әйелдер анатомиясына бейімделген арнайы манекендер тек артқы жағынан соғылу сынақтарында ғана қолданылады, бірақ олар әлі де кең тарамаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Автокөлік апаттарында әйелдер ерлерге қарағанда 1,6 есе жиі жарақат алады