Tesla көліктері соқтығысқа дейін қауіпсіздік жастықшаларын ашады

Tesla компаниясы өзінің Tesla Vision жүйесіне жаңа функция қосылғанын жариялады. Енді электромобильдер сөзсіз болатын соқтығысты алдын ала анықтап, қауіпсіздік жастықшаларын соққы болғанға дейін ашу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Компания мәліметтері бойынша, жаңа технология дәстүрлі жүйелерге қарағанда 70 миллисекундқа жылдам жұмыс істейді. Бұл уақыт аралығы өте қысқа болып көрінгенімен, апат кезінде ол жүргізуші мен жолаушылардың өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаруы мүмкін.
Бұл шешімнің негізі Tesla Vision компьютерлік көру жүйесі болып табылады. Ол камералар мен жасанды интеллект алгоритмдерінің көмегімен жол қозғалысы жағдайын нақты уақыт режимінде талдайды. Егер жүйе соқтығыстың алдын алу мүмкін емес деп тапса, қорғаныс механизмдерін дереу іске қосады.
Tesla мамандарының айтуынша, бұл жаңалық ауыр жарақат алу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Кейбір жағдайларда бұл технология көлік иелеріне тіпті ауыр соқтығыстан кейін де өз бетінше көліктен шығып кетуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Tesla Model Y моделі АҚШ үкіметі өткізген ADAS жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің жаңа сынақтарынан сәтті өткен алғашқы автомобиль болған еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!