Samsung смартфондары push-хабарламалардағы жарнамаларды автоматты түрде блоктайды

Samsung компаниясы өзінің Device Care қосымшасын жаңартып, онда «Intelligent Blocking» (Интеллектуалды блоктау) функциясын ұсынды. Бұл жаңалық пайдаланушыларды мазалайтын спам мен қажетсіз маркетингтік хабарламаларды автоматты түрде шектеуге арналған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .
Device Care 13.8.80.7 нұсқасында енгізілген жүйе қосымшалардан келетін хабарламаларды талдайды. Егер қандай да бір бағдарлама тым көп жарнамалық хабарлама жіберсе, смартфон оны автоматты түрде «терең ұйқы» режиміне ауыстырады. Нәтижесінде, бұл қосымша хабарлама жіберу мүмкіндігінен айырылады.
Samsung мамандары технологияның әлі де мінсіз емес екенін мойындайды. Алгоритмдер кейде пайдалы хабарламаларды да жарнама деп қате қабылдауы мүмкін. Сол себепті, пайдаланушыларға Device Care параметрлері арқылы қосымшаларды қолмен блоктаудан шығару мүмкіндігі қалдырылған.
Қазіргі уақытта Intelligent Blocking функциясы тек One UI 8.5 қабықшасы бар құрылғыларда қолжетімді. Бұл жаңалық алғаш рет Galaxy S26, Galaxy S26+ және Galaxy S26 Ultra модельдерінде ұсынылады. Жаңа нұсқаны APK-файлдар арқылы орнатуға болатынына қарамастан, жаһандық релиз тағы бірнеше апта уақыт алуы мүмкін.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!