date

MTS байланысты қалпына келтіру үшін гексакоптерлі LTE/5G базалық станциясын ұсынды

MTS байланысты қалпына келтіру үшін гексакоптерлі LTE/5G базалық станциясын ұсынды

Ресейдегі «Sifrovaya industriya promishlennoy Rossii» (SIPR) конференциясында MTS операторы «Irteya» компаниясы әзірлеген LTE/5G базалық станциясы орнатылған аэромобильді байланыс кешенін көрсетті. Бұл құрылғы бару қиын және халқы сирек орналасқан аймақтарда мобильді байланысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ Private LTE/5G технологиялық желілерін құруға арналған. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды.

Гексакоптер трос көмегімен 100-200 метр биіктікте ұсталып тұрады және жер бедеріне қарамастан, 10-15 шақырым радиуста үш күн бойы тұрақты радиоқамтуды қамтамасыз ете алады. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл кешенді екі маман небәрі жарты сағат ішінде, жол талғамайтын көлік жете алатын кез келген жерде іске қоса алады.

Кешенді басқару және қолдау жұмыстары автофургондағы оператор арқылы спутниктік байланыс немесе талшықты-оптикалық кабель арқылы жүзеге асырылады. Сынақтар барысында 5G режимінде деректерді тасымалдау жылдамдығы 1,2 Гбит/с-қа жеткені тіркелді.

MTS 2028 жылға дейін осындай ондаған мобильді байланыс кешендерін шығаруды және пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл технология төтенше жағдайларда және инфрақұрылымы дамымаған аймақтарда байланыс сапасын күрт арттырады деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » MTS байланысты қалпына келтіру үшін гексакоптерлі LTE/5G базалық станциясын ұсынды