date

Логистикадағы жасанды интеллект: Ozon тауарларды «ақылды» сұрыптауды енгізуде

Логистикадағы жасанды интеллект: Ozon тауарларды «ақылды» сұрыптауды енгізуде

Ozon компаниясы логистикалық процестерді автоматтандыру жүйесін белсенді дамытуда. Ол үшін ірі көлемді және контейнерлік тауарларға арналған Narrow-Belt Sorter (таспалы сұрыптағыштар) енгізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін компания тауарларды сұрыптау және жөнелту бойынша толығымен өзінің математикалық моделіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ixbt.com хабарлайды .

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 100 бағытқа арналған сұрыптағыштарды орнату автоматтандырылған процестер санын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде контейнерлік қораптарды сұрыптау тиімділігі жеке сәлемдемелерді сұрыптауға қарағанда 27 есеге артады. Жаңа жүйе тауар ағынының құрылымын өзгертіп, өнімдерді жеке-жеке емес, контейнерлік қораптарда өңдеуге қызмет етеді.

Қазіргі таңда Ozon еліміздің негізгі аймақтарындағы алты логистикалық орталықта 10-нан астам таспалы сұрыптағышты іске қосты. 2026 жылдың соңына қарай олардың санын 55 фулфилмент-орталықта 70-тен асыру көзделген. Бұл «ақылды» конвейерлерде әрбір сәлемдеме өз таспасымен қозғалады және 6D-сканер көмегімен штрих-кодтар оқылып, салмағы мен көлемі бақылаудан өткізіледі.

Сонымен қатар, Ozon қоймаларда 600-ге дейін бағытқа қызмет көрсететін және сағатына 10 мың сәлемдемені өңдей алатын 3D-сұрыптағыштарды да енгізуде. Жыл соңына дейін мұндай құрылғылардың санын 330-ға жеткізу жоспарланған. Бұл шаралар логистикалық нысандар арасындағы жүктемені тең бөлуге және транзиттік ағынды оңтайландыруға көмектеседі.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Технология » Логистикадағы жасанды интеллект: Ozon тауарларды «ақылды» сұрыптауды енгізуде