Самарқандта электромопедте болған 8 адам каналға құлап кетті

Самарқанд облысы Пахтачи ауданында электромопедтің каналға құлауы салдарынан 4 адам қаза тапты. Оқиға 31 мамыр күні сағат 20:25 шамасында «Украч» аумағынан ағып өтетін «Нарпай» каналында болды.
Мәлім етілгендей, жүк тасуға арналған электромопед жүргізушісі басқаруды жоғалтқан. Салдарынан көлікте болған 8 адам каналға құлап кеткен.
ТЖМ құтқарушылары жеткенге дейін 4 адамды жергілікті тұрғындар құтқарып қалды. Қалған 4 адам іздестіру жұмыстары барысында каналдан қаза тапқан күйінде табылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 1984 жылы туған азамат электромопедке жұбайы мен 6 кәмелетке толмаған баласын мінгізіп, серуендеп жүрген.
Қазіргі таңда Пахтачи аудандық прокуратурасы, ІІБ және ТЖБ қызметкерлері оқиғаның себептерін анықтауда.



















Пікірлер 0
…