date

Тамызда 222 мың 887 отбасына 4,1 миллиард сом компенсация бөлінді

Тамызда 222 мың 887 отбасына 4,1 миллиард сом компенсация бөлінді

Өзбекстанда тамыз айы бойында аз қамтылған отбасыларға электр энергиясы мен табиғи газ төлемдеріне жалпы 4,1 миллиард сом компенсациялық қаражат бөлінді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, бұл қаражат белгіленген нормадан артық тұтынылған электр энергиясы мен газ төлемін жабуға бағытталды. Президент жарлығы бойынша, халық үшін электр энергиясында 150 кВт және табиғи газда 150 текше метрден артық тұтынылған бөлігі үшін базалық норма мен көтерілген тарифтер арасындағы айырмашылықты мемлекет өтейді.

Тамыз айында түскен өтініштер негізінде 222 мың 887 отбасына компенсация тағайындалды. Сонымен бірге, 1 миллион 711 мыңнан астам аз қамтылған отбасы жалпы тәртіп бойынша компенсация алуға өтініш берген.

Есепті айда бөлінген қаражаттың 3,6 миллиард сомы электр энергиясына, 552,7 миллион сомы табиғи газ төлеміне бағытталды. Бұл көрсеткіш мамыр–тамыз айлары ішінде 350,6 мың отбасына төленген 17,3 миллиард сом компенсация құрамындағы кезекті үлес болып табылады.

Энергетика министрлігі шілде айында 278,1 мың отбасыға 5,8 миллиард сом төленгенін, бұл маусым айымен салыстырғанда 71,3 мың отбасына көп екенін атап өтті.

Еске салайық, 1 маусымнан бастап аз қамтылған отбасылар үшін газ және электр энергиясы бойынша компенсация өтініштері қабылдана бастады. Жаңа тәртіпке сәйкес, бұл төлемдер тек қыста ғана емес, жыл бойы әр айда жүзеге асырылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Тамызда 222 мың 887 отбасына 4,1 миллиард сом компенсация бөлінді