date

Ташкентте ауа сапасы ең нашар 10 орын жарияланды

Ташкентте ауа сапасы ең нашар болған 10 орын жарияланды

Нақты уақыттағы AQI (Ауа сапасы индексі) деректері бойынша, Ташкент қаласындағы ең ластанған 10 орын анықталды, деп iqair.com хабарлайды. Тізімдегі орындар халық денсаулығына қауіпті деңгейдегі көрсеткіштерге ие.

Бірінші орында — Металлургия зауыты маңы, бұл жерде AQI 193 балға жеткен. Бұл көрсеткіш «өте нашар» санатына жатады. Одан кейінгі орындарда Беруний (189 балл), Мурад Билдингс, Медгородок, DIDOX UZ, Алмазар, Чилонзор, Үчтепе және Ташкент халықаралық мектебі орналасты.

Медициналық кеңеске сәйкес, AQI 150-ден асқанда балалар, қарттар және тыныс жолы ауруы барлар мүмкіндігінше далаға сирек шығуы тиіс. Ауаның ластануы негізінен өнеркәсіп кәсіпорындары, автокөлік және отын жағу нәтижесінде пайда болуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Ташкентте ауа сапасы ең нашар 10 орын жарияланды