date

Өзбекстанда жұмыс тәжірибесі дипломнан артық па?

Өзбекстанда жұмыс тәжірибесі дипломнан артық па?

Өзбекстанның еңбек нарығында соңғы жылдары теориялық білімнен гөрі практикалық дағдыларға сұраныс артып келеді. hh.uz жұмыс іздеу платформасы жүргізген сауалнамаға 100-ден астам жергілікті компаниялар мен ұйымдар қатысты.

Нәтижелерге сүйенсек, жұмыс берушілердің 47 пайызы практиканы дипломнан маңызды деп санайды. Олар үшін кандидаттың тәжірибесі, жүзеге асырған жобалары немесе салалық дағдылары негізгі өлшемге айналды.

Сонымен қатар, қатысушылардың 55 пайызы шешімді лауазым түріне байланысты қабылдайтынын айтқан. Мысалы, IT және инженерия саласындағы тәжірибе басым болса, білім беру және құқық саласындағы диплом әлі де негізгі талап болып табылады.

Бітіру құжаты жоқ, бірақ біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған мамандарға деген көзқарас та өзгерді - жұмыс берушілердің 34%-ы оларды жұмысқа қабылдауға дайын, ал 31%-ы бастапқы лауазымдарға лайық деп санайды.

Жұмыс берушілер дағдыларды негізінен сұхбат, практиканы талдау және сынақ тапсырмалары арқылы бағалайды. Сауалнама нәтижелері бойынша, еңбек нарығында нәтиже көрсете алатын, практикалық тәжірибесі бар мамандарға сұраныс артып келеді.

Анықтама үшін, hh.uz есебінде айтылғандай, 2025 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 4,36 миллион сумды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда жұмыс тәжірибесі дипломнан артық па?