date

Қашқадарияда заңсыз алтын саудасы тоқтатылды

Қашқадарияда заңсыз алтын саудасы тоқтатылды

Қашқадария облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басқармасы мен Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің қызметкерлері бірлесіп, Самарқант облысы, Каттакурған ауданында жедел шара өткізді.

Шара барысында 1982, 1984 және 1996 жылдары туған, Нәвоий және Самарқант облыстарында тұратын 3 азамат заңсыз түрде сатып алушыға жалпы салмағы 475 грамм болатын 2 алтын құйманы сатпақ болып, алдын ала 500 млн сом алған сәттерінде заттай дәлелдермен қолға түсті.

Мемлекеттік тазалық деңгейін бақылау инспекциясының қорытындысына сәйкес, 994 тазалықтағы бұл алтын құймалардың таза салмағы 472 граммды құрап, жалпы құны 740,4 млн сомды құрайды.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға Қылмыстық кодекстің 177-бабы 4-бөлімі «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың екеуі бұрын сотталған, біреуі қазіргі уақытта түзету жұмыстары жазасын өтеп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Қашқадарияда заңсыз алтын саудасы тоқтатылды