Өзбекстанда мал шаруашылығы және балық өнімдеріне ҚҚС жеңілдіктері кеңейтілді

Өзбекстанда кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жеңілдіктер одан әрі кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Салық комитеті бекіткен жаңартылған тізімге сәйкес, ҚҚС-ның нөлдік мөлшерлемесі қолданылатын аграрлық өнімдер саны 518-ге жетті.
Жаңа шешіммен бұл тізімге қосымша 14 түрлі өнім енгізілді. Енді өндірушілер сататын тірі балық, ірі қара және ұсақ мал, соның ішінде сиыр, бұқа, қой, ешкі, сондай-ақ жылқы, шошқа, түйе, есек, ара пакеттері, жібек құрты, сондай-ақ ферула көшеттері мен шайыры ҚҚС-тан босатылады, яғни оларға нөлдік мөлшерлеме қолданылады.
Сонымен қатар, бұрыннан қолданылып келе жатқан жеңілдіктер де сақталды. Атап айтқанда, жеміс-көкөніс өнімдері, бұршақ дақылдары, дәмдеуіштер, ет, жұмыртқа, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері және әртүрлі көшеттер үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер жалғасуда.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім ішкі нарықта азық-түлік бағасын тұрақты ұстауға, өндірушілердің салық жүктемесін азайтуға, сондай-ақ мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және басқа да аграрлық бағыттарды қолдауға қызмет етеді.




















Пікірлер 0
…