date

Өзбекстанда төлемдерге бірыңғай әмбебап QR-код енгізіледі

Өзбекстанда төлемдерге бірыңғай әмбебап QR-код енгізіледі

Өзбекстанда QR-кодтар арқылы төлемдерді бірыңғай стандартта жүзеге асыруды жолға қою және барлығына ыңғайлы бірыңғай жүйе қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ресми түрде президенттің "Өзбекстанда қаржы технологиялары саласын одан әрі дамыту шаралары туралы" қаулысында белгіленді.

Қаулыда айтылғандай, Орталық банк 2025 жылдың декабрь айында әмбебап QR-код бойынша пилоттық жобаны банктер мен төлем ұйымдарының қатысуымен сынақ ретінде жүзеге асырады. 2026 жылдың январь айына қарай әмбебап QR-кодқа байланысты нормативтік-құқықтық құжат жобасы әзірленіп, бекітіледі. Осыдан кейін, 2026 жылдың февраль айында төлем қызметтері нарығында толық жұмыс істейтін әмбебап QR-код қолданысқа енгізіледі.

Апрель айында Орталық банктің Төлем жүйелері департаменті басшысының орынбасары Миразиз Мирхаятов елде қолма-қол ақшасыз төлемдерде бірыңғай төлем QR-кодын жасау жоспарларын жариялаған еді. Оның айтуынша, қазір көптеген сауда нүктелерінде кәсіпкерлер бірнеше түрлі төлем қызметтерінің QR-код тақтайшаларын тізіп қояды, бұл сатып алушылар үшін қолайсыз жағдай туғызады.

"Біз бірыңғай стандартты енгізуді көздеп отырмыз. Оның негізінде әрбір ұйымға бірыңғай QR-код орнатылады және клиент осы бір QR-код арқылы кез келген мобильді қосымша немесе кез келген төлем қызметімен төлем жасай алады," - деп келтірді Мирхаётовтың сөзін Spot басылымы.

Президент Шавкат Мирзияев та 20 август күні кәсіпкерлермен өткізген ашық диалогта дәл осы мәселеге тоқталып, кәсіпкерлер үшін барлық мобильді төлем қосымшалары арқылы есеп айырысуға мүмкіндік беретін әмбебап QR-код енгізілетінін айтқан еді.

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігі елдегі төлем мәдениетін одан әрі жеңілдетеді, сатушылар үшін артық қағазбастылық пен қосымша орнатулардан құтылуға мүмкіндік береді, ең бастысы, сатып алушылар үшін бір қадамда төлем жасау мүмкіндігін жасайды деп күтілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда төлемдерге бірыңғай әмбебап QR-код енгізіледі