date

«Президент шыршасы» аясында жетім балаларға әлеуметтік карта мен депозиттік шоттар берілді

«Президент шыршасы» аясында жетім балаларға әлеуметтік карта мен депозиттік шоттар берілді

«Президент шыршасы» бастамасы аясында мемлекет 0–17 жастағы 8 мыңнан астам жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға 500 долларлық жеке депозиттік шоттар ашты. Қаражат шотта жинақталып отырады, ал бала 18 жасқа толған соң ересек өмірге алғашқы қадамдарын жасағанда пайдалана алады. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.хабарлайды.

Сондай-ақ 9 жастан бастап мемлекет қамқорлығына ерекше мұқтаж балаларға және олардың заңды өкілдеріне әлеуметтік карталар табысталды. Бұл карталар арқылы қоғамдық көлікті жеңілдікпен пайдалану, сатып алулар мен қызметтер үшін төлем жасау, жеке тұлғаны растау, әлеуметтік көмек пен қызметтерді алу мүмкін. Барлық операциялар Baraka мобильді қосымшасы арқылы бақыланып, қадағаланады.

Әлеуметтік карта алушылар қатарына махаллаларда тұратын жетім және ата-ана қамқорлығынсыз балалар, балалар үйлері, отбасылық және шағын балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, SOS балалар ауылдарының тәрбиеленушілері, Отан шекарасын қорғау кезінде қаза тапқандардың балалары, сондай-ақ «Taskin» хосписі жанындағы балалар онкология ауруханасында ем алып жатқан балалар енгізілді.

«Taskin» балалар хосписіндегі тәрбиеленушілер үшін бөлек тәртіп белгіленген: қажет болған жағдайда заңды өкілдердің өтініші бойынша депозиттік шоттағы қаражат кез келген уақытта банк картасына аударылып берілуі мүмкін. Еске салайық, «Taskin» атты алғашқы балалар хосписі 2022 жылдың жазында «Зангиата-2» мамандандырылған ауруханасының базасында құрылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » «Президент шыршасы» аясында жетім балаларға әлеуметтік карта мен депозиттік шоттар берілді