Самарқантта әуе экскурсиялары наурыздан басталады

Самарқант облысында биылғы жылдың март айынан бастап тікұшақ арқылы әуе экскурсияларын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы Zamon.uz хабарлады. Хабарға қарағанда, Uzbekistan Helicopters компаниясы аумақтық рейстерді жүзеге асыру үшін алдымен екі тікұшақты тартады.
Мәліметтерге қарағанда, әуе сапарлары Ургут, Каттақорған, Нурабад, Иштихан және Булунгур аудандары арқылы ұйымдастырылады. Облыстық туризм басқармасының өкілі Мухаммад Мардоновтың айтуынша, бұл жаңа бағыттар туристерге жоғарыдан табиғаттың қайталанбас көріністерін тамашалауға, сондай-ақ аймақтағы танымал және көрікті орындармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, әуе экскурсиялары барысында туристер Каттақорған су қоймасы айналасында салынған жаңа демалыс аймағын, сондай-ақ әл-Бухари мемориалдық кешенін тамашалай алады.
Мәлім етілгендей, әуе экскурсия қызметтерінің бастапқы бағасы шамамен 100 АҚШ долларын құрайды. Болашақта қызметке сұраныстың артуымен тікұшақтардың саны көбейіп, қосымша рейстерді ашу жоспарлануда.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!