Суық салдарынан метан жанармай құю бекеттерінің қызметіне шектеу қойылды

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты метан "жанармай құю бекеттерінің" қызметіне тағы да уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы бүгін, 20 январьда Энергетика министрлігі ресми ақпарат берді.
Халық пен тұтынушыларды энергия ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында энергетика жүйесі қазір күшейтілген режимде 24 сағат жұмыс істейді. Аймақтардағы жұмыстардың барысы үнемі бақылауда екені, туындаған түрлі ақаулар мүмкіндігінше тез арада жойылып жатқаны айтылды.
Сондай-ақ, министрліктің ақпаратында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты табиғи газға деген қажеттілік айтарлықтай өскені айтылады. Нәтижесінде газ желілерінде сұраныс артып, құбырлардағы газ қысымы төмендеген.
"Сол себепті автомобильдерге газ толтыру компрессорлық станцияларының қызметіне уақытша шектеу енгізілді," - делінген хабарламада.
Бұл шаралар тек суық күндері тұрғындарды газбен қамтамасыз етуді тұрақты ұстап тұруға бағытталған. Министрліктің мәлімдеуінше, жағдай тұрақталса, шектеулер кезең-кезеңімен жойылуы мүмкін. Өңірлердегі жағдайға байланысты қосымша ақпарат ұсынылатыны айтылды.
Сонымен қатар, халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік сала нысандарына қызмет көрсететін және қоғамдық көліктерге газбен жабдықтау шектеусіз, тұрақты түрде қамтамасыз етілетіні айтылды.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!