date

ЕО Өзбекстан компанияларына қарсы санкция салды

Еуроодақ Өзбекстан компанияларына санкция салды

ЕО Өзбекстан компанияларына санкция салды

Еуропалық Одақ Өзбекстанда жұмыс істейтін екі ірі кәсіпорынға қарсы санкциялар енгізді. Сөз мақта целлюлозасын өндірумен айналысатын Raw Materials Cellulose компаниясы мен Ферғана химия зауыты туралы болып отыр. Ферғана химия зауытын Рустам Моминов бақылайды.

Мәліметтерге сәйкес, аталған кәсіпорындар шығарған өнім Ресейдегі «Пермь», «Қазан» және «Тамбов» оқ-дәрі (порох) дайындайтын зауыттарына жеткізілген. Бұл шикізат кейіннен әскери мақсатта қолданылып, дайындалған оқ-дәрі Ресей армиясының иелігіне жіберілгені айтылуда.

Еуропалық Одақ өкілдері бұл жағдайды ережелерді өрескел бұзу ретінде бағалап, шектеу шараларын қолдану туралы шешім қабылдады. Санкциялар аясында компаниялардың Еуропа нарығына шығуы шектелуі, қаржылық операциялары бақылауға алынуы және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері қысқартылуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » ЕО Өзбекстан компанияларына қарсы санкция салды