date

Өзбекстанда орташа айлық жалақы өсті, өңірлер арасындағы айырмашылық жоғары

Өзбекстанда орташа айлық жалақы өсті, өңірлер арасындағы айырмашылық үлкен

Өзбекстанда 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша халық табысының өсімі тіркелді. Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, ел бойынша орташа айлық жұмыс ақысы 6,82 миллион сумды құраған.

Талдаулар көрсеткендей, өңірлер бөлінісінде жалақы арасындағы айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Атап айтқанда, Ташкент қаласы ең жоғары жалақы төленетін аймақ ретінде көшбасшылығын сақтап қалды.

Елордада орташа айлық жұмыс ақысы 11,7 миллион сумға жеткен.

Екінші орынды Навои облысы иеленіп, мұнда орташа жалақы 8,45 миллион сумды құрады. Мамандар бұл жағдайды өнеркәсіп және тау-кен саласының дамығанымен түсіндіреді.

Керісінше, Қасқадария облысында ең төменгі көрсеткіш тіркеліп, мұнда орташа айлық 4,66 миллион сумды құраған.

Салалар бөлінісінде де үлкен айырмашылықтар байқалады. Ең жоғары табыс қаржы саласына тиесілі.

Яғни банк, сақтандыру, лизинг және несие ұйымдарының қызметкерлері орташа есеппен 18,6 миллион сум жалақы алуда.

Ең төменгі жұмыс ақысы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында тіркелді — шамамен 3,5 миллион сум. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар салаларда да жалақы салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалып отыр.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында орташа есеппен 4,11 миллион сум, білім беру жүйесінде болса 4,61 миллион сум жалақы төленген.

Мамандардың пікірінше, экономика салалары мен өңірлер арасындағы мұндай айырмашылықтар жұмыс орындарының сипаты, инвестициялар көлемі және инфрақұрылымның дамуымен байланысты.

Жалпы алғанда, елде орташа жұмыс ақысының өсуі оң үрдіс ретінде бағалануда. Дегенмен, өңірлер мен салалар арасындағы жалақы алшақтығын қысқарту өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Өзбекстанда орташа айлық жалақы өсті, өңірлер арасындағы айырмашылық жоғары