date

Алимент төлемдері күрт өсті: Енді қанша төленеді?

Алимент төлемдері күрт өсті: Енді қанша төленеді?

Өзбекстанда орташа айлық жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты ресми табысы жоқ тұлғалар үшін алимент есептеуде қолданылатын сомалар жаңартылды. Бұл туралы «Отбасы және гендер» ғылыми-зерттеу институты хабарлады.

Өзбекстан Республикасы Отбасы кодексінің 140-бабына сәйкес, егер алимент төлеуші азамат жұмыссыз болса немесе оның табысын растайтын құжаттар ұсынылмаса, алимент қарызы елдегі орташа айлық жалақы негізінде есептеледі.

Мәжбүрлі орындау бюросы келтірген мәліметтерге қарағанда, алимент төлеушілердің 61 пайызы жұмыспен қамтылмаған немесе тұрақты табыс көзіне ие емес. Сол себепті бұл жаңалық көптеген азаматтар үшін маңызды болып отыр.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінен бастап Өзбекстанда орташа айлық жалақы көрсеткіші 6,8 миллион сумнан асқандықтан, ресми табысы жоқ тұлғалар үшін алимент есептеу сомалары да арттырылды.

Жаңа есептеулерге сәйкес, болжамды алимент төлемдері төмендегідей қалыптасуда:

— бір бала үшін — 1,7 миллион сум;
— екі бала үшін — 2,3 миллион сум;
— үш және одан көп бала үшін — шамамен 3,4 миллион сум.

Қайта есептеу процесі қолданыстағы заңнама талаптары негізінде автоматты түрде жүзеге асырылатыны хабарланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Алимент төлемдері күрт өсті: Енді қанша төленеді?