date

Қажылық–2026 маусымы басталды: зияратшылар үшін маңызды күндер жарияланды

Қажылық–2026 басталды: зияратшылар үшін маңызды күндер жарияланды

Өзбекстанда 2026 жылғы Қажылық маусымына дайындық жұмыстары қызу жалғасуда. Мұсылмандар кеңсесі хабарлағандай, зияратшыларды қасиетті сапарға аттандыру процесі 2 мамырдан басталады.

Жоспар бойынша, 2 мамырдан 18 мамырға дейін күн сайын Сауд Арабиясына тұрақты әуе рейстері жүзеге асырылады. Зияратшылар елдің 9 ірі өңірінен — Ташкент, Наманган, Ферғана, Әндіжан, Самарқанд, Бұхара, Қарши, Термез және Үргеніш қалаларындағы әуежайлар арқылы тікелей Мәдина қаласына жеткізіледі.

Мәлім етілгендей, зияратшыларды тасымалдауды Сауд Арабиясының "FlyAdeal" әуе компаниясы жүзеге асырады. Ал оларды отанға қайтару «Uzbekistan Airways» компаниясына жүктелген.

Қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында бірқатар маңызды дайындық жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, барлық зияратшылар медициналық тексеруден өтіп, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін менингитке қарсы егілді.

Сондай-ақ, қажылық визалары мен қажетті құжаттар толық рәсімделді.

Бұдан бөлек, әр топқа тәжірибелі жетекшілер бекітіліп, зияратшылар үшін арнайы оқу және түсіндіру сабақтары өткізілуде. Онда қажылық амалдарын дұрыс орындау, сапар кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударылуда.

Қазіргі уақытта Сауд Арабиясында жұмыс істеп жатқан жұмысшы топтар да серіктес ұйымдармен бірлесіп, зияратшылар үшін қолайлы жағдай жасау үстінде. Атап айтқанда, қонақүйлер, сондай-ақ Мина және Арафат жазықтарында құлшылықтарды кедергісіз өтеу үшін барлық қажетті жағдайлар дайындалуда.

Жауапты тұлғалардың айтуынша, биылғы Қажылық маусымын жан-жақты мұқият ұйымдастыру, зияратшылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру басым міндет ретінде белгіленген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Өзбекстан » Қажылық–2026 маусымы басталды: зияратшылар үшін маңызды күндер жарияланды